Құрманғазы ауылындағы референдум учаскесіндегі дауыс беру науқаны да қарқынды өтуде. Саяси маңызы бар шараның төрт көзі түгел келген Әлиевтер және Төлеуғалиевтер жанұясы өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын танытты.
Ауылдағы сыйлы әулеттер саяси науқанға толық құраммен, яғни отбасы мүшелерімен бірге келді. Мұндай үлгілі бастама — отбасылық тәрбие мен мемлекет болашағына деген ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі іспеттес. Айта кетелік, Төлеуғалиевтер әулеті үш ағайынды. Барлығы да қазіргі таңда зейнетте.
«Біз үшін бұл — тек дауыс беру ғана емес, еліміздің ертеңгі тағдыры шешілетін маңызды сәт. Отбасымызбен бірге келіп, дауыс беру арқылы жас ұрпаққа Отанды сүю мен жауапкершіліктің мәнін көрсеткіміз келді», — дейді отбасылар.
Учаскелік комиссия мүшелері отбасымен келген дауыс берушілерге ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық ұсынды.
Г.Баделова