14.04.2025, 16:45
Оқылды: 276

Бәйтерек ауданында «Абай оқулары» байқауы өтті

М. Шолохов атындағы мемориалдық музейінде Абайдың өлеңдері  және қара сөздерін оқу байқауы ұйымдастырылды.

IMG-20250414-WA0015  Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуы аясында өткен әдеби додағы 5-6 сынып оқушылары қатысты. Байқауға келген 42 қатысушы Абай Құнанбайұлының бір өлеңін немесе қара сөзін  жатқа оқыды.

Құрамында Дариян ауылдық  кітапханасының  меңгерушісі Ш.Сұлтанғалиева, Дариян кешкі мектебінің директоры А.Әбекешев,     М. Шолохов  мемориалдық музейінің  экскурсоводы Р. Садыбекова  бар әділқазылар алқасы үміткерлерді қатаң талап қоя білді. Олар байқауға қатысушылардың оқу мәнері мен сауаттылығына (динамика, интонация,   сөйлеудің эмоционалды бояуы), көркемдік, сахналық мәнерге (мимика, қимыл), әртістік қабілетке жіті мән берді.

IMG-20250414-WA0013

Байқауға хакім есімін иеленген Дарияндағы қазақ мектеп-гимназиясының шәкірттері жақсы дайындықпен келгендерін байқатты. Нәтижесінде 5-сынып арасынан бас жүлдені Абай атындағы МГИ оқушысы Ә.Жасталап, І-орынды Абай атындағы МГИ оқушысы А. Ақатай, ІІ орынды Абай атындағы МГИ-оқушысы К.Қамбар, Володар ЖОББМ оқушысы М.Оралбай, ІІІ орынды Озерный ЖОББМ оқушысы А.Дөкеева мен Абай атындағы МГИ оқушысы Ж.Сұлтанғали  иеленді.  Ал 6-сынып арасынан бас жүлде Озерный ЖОББМ оқушысы А.Жұмағлиеваға, І орын  Абай атындағы МГИ оқушысы А. Шаймарданға, ІІ орын Дариян ЖОББМ оқушылары А.Жасұлан мен А. Горбуноваға, ІІІ орын Дариян ЖОББМ оқушысы К.Абакова мен Абай атындағы МГИ оқушысы Б.Бақтығалиға бұйырды.

Аталымдар бойынша «Көрермен көзайымына» Абай атындағы МГИ оқушысы І. Жамил, «Ең шынайы орындауыға» Озерный ЖОББМ оқушысы Е.Жәрдем лайық деп танылды.

IMG-20250414-WA0014

Жеңімпаздарға БҚО тарихи өлкетану музейінің директорының қолы қойылған диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Оқушыларын байқауға жақсы дайындағаны үшін жетекшілері БҚО тарихи өлкетану музейінің директорының алғыс хатымен марапатталды.

Мәдина Мусаева,

М.Шолоховтың мемориалдық музейінің меңгерушісі,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале