Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында антитеррорлық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Полиция бөліміне сағат 14:45-те хабарлама түсіп, белгісіз тұлғалардың Камен мектебінде адамдарды кепілге алғандығы туралы айтылған. Мектеп аумағы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен шұғыл қоршауға алынды.
Аудандық жедел штабтың террористік қауіп-қатерге дайындығын тексерген шара сағат 16:30-да аяқталды.
Облыстық терроризмге қарсы орталық өкілдері дайындық барысын қанағаттанарлық деп бағалады.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы