12.10.2025, 16:00
Оқылды: 89

Бәйтерек ауданында ардагер қаржыгерге құрмет көрсетілді

Саналы ғұмырын Бәйтерек ауданының қаржы саласына арнаған Виктор Железнов 75 жасқа толды. Соған орай аудан әкімінің орынбасары Ерлан Тоқсамбаев мерейгерді арнайы барып құттықтады.

IMG-20251011-WA0010

​Аудан әкімінің атынан құттықтауды жеткізген Ерлан Өмірзақұлы Виктор Георгиевич еңбек еткен кезде аудан экономикасын көтеруге, қаржы саласының жұмысын нығайтуға, білікті кадр тәрбиелеуге айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
-Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне өзінің еңбек еткен қаржы-экономика саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіз секілді аға буын өкілдерінің еселі еңбегі мен білім-біліктіліктеріңіздің арқасында Бәйтерек экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарына қосылды. Ауданымыздың алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіне сенім мол. Сол үшін сізге айтар алғысымыз зор. Бүгінгі мерейлі күні сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз,-деді Ерлан Өмірзақұлы.

IMG-20251011-WA0008
Мерейгердің замандастары, яғни бәйтеректік аға буын өкілдері атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Өтешев те құттықтап, барлық жақсылық атаулысын тіледі.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале