Бәйтеректе ауылішілік және кіреберіс жолдарды жөндеу үшін жергілікті демеушілердің көмегімен 50 млн. теңгеге бірқатар ауылдарда жобалық-сметалық құжаттар дайындалған.
Баспасөз мәслихатында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов соңғы жылдардағы өңірдің инвестициялық ахуалына да тоқталып өтті.
- «World Green Company » ЖШС Мичурин ауылынан жобалық құны 13 миллиардты құрайтын қызанақ және қияр өсіру үшін жылыжай кешенін іске қосты. Биыл жылыжайда егілген қиярдың көлемі 10,5 га құрады, алынған өнімі - 2440 тонна. Осы айда жылыжайдың толық іске қосылуы жоспарлануда. Күні бүгін бұл жылыжай 116 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал «134» ЖШС Рубежин ауылдық округінде жылына 30,0 млн кірпіш шығаратын кірпіш зауытын салуда. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, іске қосылуы жоспарланып отыр. Январцев "Bayston" ЖШС ауылдық округінде қуаттылығы жылына 13000 тонна болатын көтерме тарату орталығының жеміс-көкөніс қоймасын салуда. Сондай-ақ инвесторлардың күшімен Мичурин ауылында Орал технологиялық паркі, Трекин ауылында демалыс саябағын жасақтауда. Осындай бірқатар инвест жобалар жүзеге асуда. Аталған инвестициялық жобалар толықтай іске қосылған сәтте аудан экономикасының драйверіне айналары анық. Тәуелсіздік жылдары ел игілігі үшін атқарылған ауқымды істер алда да жалғасын тауып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті арта бермек, - деді аудан әкімі Марат Лұқпанұлы.
Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz