11.03.2024, 10:15
Оқылды: 59

Бәйтерек ауданында футзал лигасы аяқталды

Бәйтерек ауданы орталығында 30 қаңтардан 9 наурыз аралығында футзалдан қысқы лига өтті.

IMG-20240311-WA0033

Бұл жарысқа 10 команда қатысып, шеберліктерін байқатты. Олар: Белес, Дариян, Махамбет, Егіндібұлақ, Янайкин ауылдарынан келген және переметныйлық «МFС Legion», «Баракат», «4/24» (аудандық өрт сөндіру бөлімі) командалары.

Нәтижесінде бас жүлде «МҒС Legion» командасына бұйырса,  мешіт жамағатынан құралған «Баракат» күміс, белестіктер қола медаль иегерлері атанды.

IMG-20240311-WA0036

Аталымдар бойынша «Үздік қақпашы» болып егіндібұлақтық  Никита Кирющцев атанса, «Үздік ойыншы» болып «МҒС Legion» командасының аяқдоп шебері Алмат Қажғалиев танылды. Ал қарсылас қақпасынан сан мәрте саңылау таба білген «баракаттық» Тимур Джаксенов «Үздік шабуылшы» аталымына лайық болды.

IMG-20240311-WA0034

 

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале