17.11.2024, 11:30
Оқылды: 85

Бәйтерек ауданында қайырымдылық концерті өтті

Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған «Ризашылық» клубындағы мүгедектігі бар жандардың қатысуымен «Шексіз әлем» деген атаумен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

IMG-20241117-WA0002

​- Мүгедектігі бар жерлестеріміздің арасында шығармашылыққа ден қойғандар аз емес. Оған көпшлігіміз куә болып жүрміз. Ол жандардың тағдыр тауқыметіне мойымай, алға қарай талпынуы біздерді сөзсіз қуантады. Жалпы адамның адамнан артықшылығы, не кемдігі жоқ. Бәріміз де бірдейміз. Мүмкіндігіміз де тең. Сол себепті өмірді сүйе білетін, құлшынысы бар жандардың жетістігі де көп болары анық, - деді кеш шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

IMG-20241117-WA0004
​Концертте Күмісханым Берекетова «Бауырым-ай», Гүлбаршын Ишанғалиева «Ел аман болсын», Геннадий Дьяконв «Повер в мечту», «Бродячие артисты», Назерке Өтеғалиева «Әке мен ана», Ерлан Нұрхаев «Золотое сердце», «Белая роза», Рустам Құлқаев «Рахмет саған туған ел», «Пальчикам дрожью по щеке» әндерін орындады.

IMG-20241117-WA0003

Ал Наталья Щербакова болса А.Пушкиннің «Татьянаның Онегинге жазған хатын» және өзінің «Кездесу» деген өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Қуаныш Қали,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале