10.01.2019, 10:36
Оқылды: 51

Бәйтерек ауданында қайырымдылық шарасы өтті

Бәйтерек ауданының Жайық ауылында «Салауатты өмір салты – ұлт кепілі» атты қысқы спорт ойындары өтті.

 IMG_4139

Жастар жылындағы алғашқы шара қайырымдылыққа бағытталды. Шараға облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 50-ден астам бала қатысты.

-Демалыс орталығында ұйымдастырылған шара жоғары дәрежеде өтті. Балалардың барлығы күні бойы жақсы демалып, мәз-мейрам боп тарқасты. Олар атпен серуендеп, шаңғы, коньки теуіп, таудан сырғанап, қысқы спорт түрлерімен емін-еркін шұғылданды. Орталық басшылығы өрендерге қысқы спорт түрінің 5 түрі бойынша талапқа сай қызмет көрсетті. Ал ұйымдастырушы мен демеушілер қызмет түрлерін тегін ұсынды, - дейді «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының төрағасының орынбасары  Ерлік Шамғали.

Айта кету керек, қайырымдылық шарасы «Технопарк Социум» ЖШС қолдауымен және де «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

IMG_4111

IMG_4163 IMG_4171

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале