18.05.2023, 21:10
Оқылды: 45

Бәйтерек ауданында қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы жалғасуда

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Щапов ауылында жалғасуда. «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасын іске қосқан еді.

9091D236-5E9F-47B2-9F45-B92CB499B563

Бәйтерек ауданында 2 мамырдан бастап Переметный, Мичурин, Щапов ауылдары қамтылып 150 адамға тренинг өтті. Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын бағамдайды.

Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады. Әр қатысушы тренингтен кейін жеке кеңес ала алады.

Кез-келген ниет білдіруші жобаға қатыса алады. Тіркелу үшін аудандық филиалдың байланыс телефонына хабарласуға болады: +7 (71130) 23-4-45.

Нұрсәуле Әбілпейсова

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале