1.05.2025, 20:00
Оқылды: 388

Бәйтерек ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай  ауқымды мерекелік шара өтті 

1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Дариян ауылында ауқымды мерекелік іс-шара оздырылды.

IMG-20250501-WA0032

«Бірлік жарысы» атты марафонмен басталған іс-шара негізінен орталық алаңда өтті. «Қазақстан –бірлік пен татулық мекені» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шарада түрлі этностың ұлттық тағамдар және сәндік-қолданбалы қолөнер көрмелері жұртшылық назарына ұсынылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.

Мерекелік концерттің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады.

IMG-20250501-WA0031

-Бұл күн –татулық пен достықтың, ынтымақ пен түсіністіктің символына айналған айырықша мереке. Керемет мейрамды баршамыз шаттық көңілімен тойлаудамыз. Жаңа ғана түрлі этнос өкілдерінің ұлттық өнерлерін көріп, тағамдарынан дәм таттық. Оның барлығы - өскелен ұрпақ үшін үлкен өнеге. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деп Ерлан Ерсайынұлы ақжарма тілегін білдіріп, көпшілік жүгіруге қатысқандарды аталымдар бойынша марапаттады. Мәселен, «Ардагер  спортшы» аталымы «Жұлдыз-ай» бөбекжайының меңгерушісі Рауана Асановаға, «Жас спортшы» аталымы Ева Жневскаяға бүйырды.

IMG-20250501-WA0024

Мерекелік концертте ауылдағы этомәдени бірлестіктер, жергілікті өнерпаздар ән салып, би биледі. Айта кетейік, Дариян ауылында жиырмаға жуық этнос өкілдері мен «Сударушка» (орыс), «Червоно руто» (украин), «Мариям» (татар) және «Сябры» (белорус)  сынды он шақты этно-мәдени  бірлестіктер бар.

Дина Ахметова,

Бәйтерек ауданы

IMG-20250501-WA0018

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале