26.10.2025, 12:00
Оқылды: 85

Бәйтерек ауданында мерекеге арналған көпшілік жүгіру өтті

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін айшықтайтын айрықша мереке. Мереке қарсаңында Бәйтерек ауданының орталығында жастар мен түрлі мекеме қызметкерлері арасында «Республика рухы – әр жүректе, әр қадамда!» атты көпшілік жүгіру ұйымдастырылды.

IMG-20251025-WA0021

Жастардың бойында патриоттық рухты арттыру, ел бірлігін дәріптеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауды маұсат тұтқан мерекелік жүгіру аудан әкімдігі алаңынан басталып, Бейбітшілік саябағына дейін жалғасты.

IMG-20251025-WA0022
Жүгіруге 18–35 жас аралығындағы мекеме қызметкерлері, студенттер мен оқушылардан құралған 10 команда қатысты. Әр ұжым өз ұранын көтеріп, бірыңғай түсті киім үлгісінде ерекше ұйымшылдық пен көтеріңкі көңіл күй танытты. Алдыңғы қатарда мемлекеттік туды алып шыққан топтар ел рухын асқақтатып, ауданның бірлігі мен сергектігін айқын көрсетті.

IMG-20251025-WA0024
Мәреге жеткен соң қатысушылар арасында арнайы аталымдар бойынша үздіктер анықталды. «Ең рухты ұжым» атағын – Переметный мектебі, «Ең ұйымшыл ұжым» – аудандық мансап орталығы, «Ең креативті топ» – Камен мектебі, ал «Ең белсенді ұжым» аталымын Қ.Аманжолов атындағы мектеп иеленді. Сондай-ақ, ерекше белсенділік танытқан ауыл тұрғындары Вероника Ибрашева мен Әділ Наурызов «Белсенді қатысушы» аталымымен марапатталды.
Бұл бастама – Бәйтерек жастарының ұйымшылдығын, елге деген сүйіспеншілігін және спортқа деген құштарлығын айқындаған жарқын оқиға болды. Осындай сергек те рухты шаралар аудан жастарының бойында елдік сана мен патриоттық сезімді одан әрі нығайта түсері сөзсіз.

Саида Жайық

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале