15.11.2021, 23:10
Оқылды: 156

Бәйтерек ауданында оқу-жаттығу шарасы пысықталды

Бәйтерек ауданында  «Қыс-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

2

Жиын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі ТЖ-ға даярлау мақсатында оздырылды.

7

Маңызды шара барысында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов қоғамдық тәртіпті сақтау, электр қуатымен қамтамасыз ету, газ шаруашылығы, хабарлау және байланыс қызметі, жолдар мен көпірлер және сумен қамтамасыз ету, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, медициналық қызмет, радиациялық, химиялық және бактериологиялық, өртке қарсы, инженерлік, сауда және тамақтандыру, ақпараттық және көлік қызметтерінің дайындығын тексерді.

5
Кейін арнайы құрылымдар көлік апатына түскен жандарды құтқару сияқты жаттығу жұмыстарын жүргізді.

3

4

Барлық алгоритмге сәйкес жұмыстанған құтқарушылардың жұмысына жақсы деген баға берілді.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале