21.10.2021, 20:48
Оқылды: 49

Байтерек ауданында оқушылар арасында аудан чемпионаты өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2008-2009; 2010-2011 жылдары туған оқушылар арасында тоғызқұмалақтан аудан чемпионаты өтті.

IMG-20211021-WA0135
Аудандық балалар - жасөсперімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен бәсекеде ауданның әр - түкпірінен келген сегіз команда өзара бақ сынасты.

Ұлттық ойынды дамыту және кеңінен тарату, жас спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген чемпионатта оқушылар біліктіліктерімен, тоғызқұмалақ ойынында көрсеткен теңдессіз өнерлерімен  көзге түсті.

IMG-20211021-WA0134

Жарыс қорытындысында, өзгелерден оқ бойы оза шапқан Володарлық ойыншылыр жеңімпаз атанса, ешкімге есе жібермеген Егіндібұлақ ауылы командасы екінші орынға, Мичуриндік оқушылар үшінші орынға жайғасты.

- Бүгінгі оқушылардың тоғызқұмалақ ойынында көрсеткен шеберлігіне  таң қалдым. Ойынға жоғары дайындықпен келгендері көрініп тұр. Бірінен - бірі өткен мықты. Бұл ойын баланы тез ойланып, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, оның ақыл-ойына көп пайдасын тигізеді. Бұл ойынның кез-келген жастағы адам дамуы үшін берері мол, - дейді аудандық спорт мектебінің қызметкерлері.

                                                                                                                         Назерке Сыйлыбаева, 

                                                                                                                                Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале