24.11.2024, 10:00
Оқылды: 9

Бәйтерек ауданында өткен сессия отырысында аудандық және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы талқыланды

Бәйтерек аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Марат Тоқжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

IMG_20241123_204502_634

Күн тәртібінде 34 мәселе қаралды. Олардың негізгілері аудан бюджетіне және бірқатар ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы болды. 2023 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Туксамбаев баяндама жасады. Сондай-ақ округ бюджетінің атқарылуы, округ әкімдеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы да күн тәртібінде қаралды. Округ әкімдерінің округ бюджетінің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Аудандық мәслихат ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Жолдасқалиев ауданның құрметті азаматы атағына лайықты жерлестеріміз көшімдік Сағидолла Айбатов, Рахила Бабақожа, Максут Бисеновтың өмір дерегімен таныстырып, аудан дамуына қосқан, жетістіктері туралы мәлімдеді.
Сессия барысында бір жылға бекітілген бюджет – 8,9 млрд. теңге, бір жылға түзетілген бюджет –10,1 млрд. теңгені құрағаны баяндалды. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер түсімі 2024 жылғы 1 қазанға – 3,4 млрд.теңгені көрсеткен. Ауданның донорлық көрсеткіштері бойынша 2021 жыл 745 431,2 мың.тг, 2022 жыл 1 758 643,4 мың тг, 2023 жыл 1 767 000 мың.тг, биыл 1 қазанға 1 181 177,8 мың теңгені құраған. Жалпы 5 млрд. 452,3 млн.теңге.

IMG_20241123_204422_371

Сонымен қатар аудандық ТҮКШ және АЖ басшысы Аслан Даубаев коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы аудан тұрғындарының қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін толық қамтуды жүйелеуге, одан әрі дамытуға бағытталатынына тоқталды. Онда ұзақ мерзімді келісімшарт жасау, бәсекелестік негізде конкурстар өткізу, экономикалық деңгейдегі жобаларды бекіту, тарифтердің жиналуын толық қамту және т.б. шаралар қарастырылған. Сонымен қатар Дариян ауылдық округі жаққа қосымша полигон салу да көзделген. Сондай-ақ ауданда 2028 жылға дейін қалдықтарды бөлек жинау жоспарланғанын айтты.

IMG_20241123_204458_260
Аудан әкімі Марат Тоғжанов тазалық мәселесінің ауданда өткір тұрғанын айтып, оған қатысты іс-шараларды жүйелеуді тапсырды. Сондай-ақ округ әкімдерін ауылды абаттандыруда, жол, су құбыры, бөгет құрылысы жұмыстарына бюджет қаражатын ұтымды реттестіруге шақырып, аймақтың дамуына мүдделі кәсіпкер азаматтардың да қолдауы мен еңбегіне тоқталды.

IMG_20241123_204443_416

Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бағдат Халденов «Бәйтерек аудандық әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінің айқындаудың қағидаттарын бекіту туралы» баяндама жасады. Барлық күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты тиісті шешім қабылданды.

Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале