14.10.2020, 12:34
Оқылды: 45

Бәйтерек ауданында рейд кезінде екі мас жүргізуші ұсталған

Қазан айының 8-і мен 12-сі аралығында Бәйтерек ауданы аумағында «Мас жүргізуші» жедел профилактикалық шарасы өтті.

pyanyiy_za_rulyom_63

– Төрт күндік рейд барысында жеке құрам тынымсыз еңбек етті. Көліктер тоқтатылып, жүргізушілердің құжаттары тексерілді. Күн-түн демей жұмыста болған полицейлер өз міндетін адал атқарып шықты, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Манарбек Нәжиев.

Манарбек Кәтиұлының айтуынша, рейдтік шара барысында барлығы 67 жол-көлік ережесін бұзу фактісі анықталған. Ереже бұзғандардың екеуі көлікті мас күйінде басқарғандар екен. Бұдан бөлек шара барысында рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескен – 4, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 17, маневр кезінде ереже бұзған – 4, техникалық байқауы жоқ көлікті жүргізген – 6, жүргізу куәлігінсіз рөлге отырған – 25, сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған – 2, жол ережесін бұзған 4 жаяу жүргіншіге және теміржол бойындағы тоқтау белгісіне назар аудармаған 1 жүргізушіге хаттама толтырылған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды ережеге мән беруге шақырады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале