Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Приурал аумағында орналасқан ауылдық округтерді аралап, көктемгі су тасқынына дайындық барысын қадағалап шықты.
Сапар барысында облыстық ТЖД мен ауданнан қандай көмек қажеттігін сұрап, аудандық ТЖ бөлімі мен округ әкімдеріне қамтамасыз ету жөніндегі тапсырма жүктелді. Жергілікті атқарушы органдардың сындарлы кезеңге қарсы тұрарлық әлеуеті тексеріліп, ауылдардағы су басу қаупі бар үйлер анықталып, әкімдерге нұсқамалар берілді. Сондай-ақ күш пен құралдар, олардың мотопомпалары, түтіктер, құм қапшықтары, қажет киім-кешектердің дайындығы пысықталды.
Айту керек, аудан орталығында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында апта сайын мекеме-кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен қар шығару жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ З.Космодемьянскаядан Гагарина көшесіне дейін, Алматинский көшесіне түгел арық жүйесі жүргізілген. Бұл арықтар су көтерілген шақта тиімділігін көрсетеді деп күтілуде. Округ әкімі Алексей Герасимов бұл жұмысқа әр тұрғын белсенділік танытып, жауапкершілікпен қараса іс өнетінін айтады. Осы бағыттағы бірқатар жұмысты өзге де ауылдық округі әкімдері де атап өтті.
- Ауыл жанындағы өзен арнасы тал-теректен аршылды. Айту керек жылына екі рет (көктем мен қыста) су келердің алдынан арықтарды тазалау жұмысы жүреді. Құм қапшықтары әкелінді. Екі мотопомпа мен генератор дайын тұр. Мұз жаруға тапсырыс берілді. Су басу қаупі бар үйлердің бәріне хабарлама таратылды. Төтенше жағдайға қарсы күзде берілген техника күшімен су келетін аумаққа бөгет қойылды, - деді Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Әдемі Жұманизова.
Гүлжаз Қалесқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz