21.07.2025, 15:00
Оқылды: 441

Бәйтерек ауданында тағылымды кездесу өтті

Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі кітапханаларының ұйымдастыруымен «Сырғалым» қыз-келіншектер клубының аясында «Көреген ене, ибалы келін» атты  тағылымды кездесу өтті.

IMG-20250720-WA0035

Бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, ене мен келін арасындағы сыйластық пен тәрбиенің маңызын көрсету, сондай-ақ қыз балаларға болашақтағы келін ретіндегі рөлін түсіндіру мақсат тұтты.

Онда кітапханашылар «Сырғалым» клубының мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, оның қыз-келіншектерге рухани, мәдени, адамгершілік тұрғыда бағыт-бағдар беретін алаң екенін атап өтті. Кездесуге  арнайы шақырылған қонақтары – ауылдың қадірлі тұрғыны, көпке үлгі абзал ана Слушаш Мендібайқызы және оның ибалы келіні Данагүл Маратқызы  Ишмұхамбетовтер болды.

IMG-20250720-WA0034

Кездесу сұхбат және сұрақ-жауап форматында өтіп, жиналғандар ене мен келіннің қарым-қатынасы, отбасындағы тәрбие және ұлттық дәстүр туралы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кеш соңында «Қазақтың келіндері-ай» әні шырқалды.

Динара Ғизатова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале