19.03.2025, 15:00
Оқылды: 375

Бәйтерек ауданында тігіншілер бас қосты

Дариян ауылында «Ең әдемі киім-ұлттық киім» атты мерекелік іс-шара өтті.

Аудандық «Ауыл тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойы аясында  ұйымдастырылған кешке Бәйтеректе ұлттық киім тігумен айналысатын жандар арнайы шақырылды.

IMG-20250319-WA0005

Іс-шара газет редакциясы, «Орталық Азиядағы халықаралық  әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, аудандық жастар ресурстық орталығы және Дариян мәдениет үйі мен кітапханалармен бірігіп ұйымдастырылды.

IMG-20250319-WA0003

- Әр ұлтың өзінің киіміне деген құрметі болары белгілі. Бұл бағытта халқымызда да өзінің бет-бейнесін көрсететін киім аз емес. Қазір киім тігетін жандар, дизайнерлер бұрынғы мен қазіргіні астастырып, модерн көзқараста, заманауи үлгіде ұсынып отыр. Оларды жастарымыз да, жасамыстар да, егде жастағылар да күнделікті түрде кие бастады. Бүгінгі таңда көздің жауын алатын біздің киімдеріміз - әлемдегі ең әдемі киімдердің бірі. Мұны біз ақпарат құралы, әлеуметтік желі арқылы көріп жүрміз. Әлем елдерінде ұлттық киіммен жүрген жастарымызға жергілікті халықтың өзі тамсана қарап тұрады. Ұлттық киімді тек осындай Наурыз мерекесінде емес, жыл бойы кию дәстүрі ауданымызда да қалыптасып келеді. Осы бағытқа ден қойған тігіншілеріміздің қатары көбейіп келе жатқанына да қуаныштымыз. Ұлттық киім, аудандық газетіміздің 85 жылдық мерейтойы құтты болсын, - деді өз сөзінде аудан әкімі Марат Тоқжанов.

IMG-20250319-WA0006

IMG-20250319-WA0001

Содан соң  Мичурин ауылдық округі Асан мектебінің мұғалімі Қарлығаш Құрманова, Байқоныс ауылының тұрғыны Зиба Қуанышқалиева, Дариян ауылының тігіншісі Әлия Исқазиева өздері тіккен ұлттық киімдердің сәндік көрсетілімін ұсынды. М.Шолохов атындағы музей қызметкерлері халқымыздың байырғы ұлттық киімдерімен таныстырды.

IMG-20250319-WA0002 «Орталық Азиядағы халықаралық  әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсемгүл Оразаева жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, ұлттық киім тігу арқылы мәдениетімізді дамытуға үлес қосып жүрген бәйтеректік қолөнер шеберлерін алғыс хатымен, естелік сыйлығымен марапаттады.

IMG-20250319-WA0007 IMG-20250319-WA0008

Аудандық «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы Сәкен Әбілхалықов жергілікті басылымның мерейтойы аясындағы бұл іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан ұжымдарға алғысын білдіріп, редакциямен тығыз байланыс орнатқан, газетке жақсы жазылатын Дарияндағы мекемелерге шағын сыйлық пен Алғыс хат табыстады.

IMG-20250319-WA0009

Іс-шара барысында балалар саз мектебінің домбырашылары күйден, мәдениет үйі жанынан құрылған келіндер ансамблі және жергілікті әншілер әннен шашу шашты.

Дина Ахметова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале