22.06.2025, 22:29
Оқылды: 246

Бәйтерек ауданында ұлағатты ұстазды 70 жас мерейтойымен құттықтады

Ұлағатты ұстаз, ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Валентина Леонтьева 70 жасқа толды. Аудан әкімі Марат Тоқжанов мерейтой иесімен кездесіп, ұлағатты ісі үшін алғысын айтып, құрмет көрсетті.

IMG-20250622-WA0102
– Валентина Семеновна, сіз сияқты адал еңбек етіп, бірнеше буынға білім мен тәрбие берген тұлғалар – қоғамымыздың алтын қазығы. Еңбегіңіз ерен, ісіңіз үлгі. Жастар сізден тәлім алып, өнеге көруі тиіс. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілеймін. Мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! – деді Марат Лұқпанұлы.

IMG-20250622-WA0099
Айта кетейік, мерейтой иегері 1955 жылы Подстепное ауылында дүниеге келген. Круглоозеный мектебінде тәлім алды. 1976 жылы А.Пушкин атындағы ОПИ-ді ағылшын тілі пәні мүғалімі мамандығы бойынша бітірген соң сол кездегі Зеленов ауданы Көшім ауылындағы орта мектепке жолданды. Осылайша саналы ғұмыры аталмыш білім ұясында өтті. 39 жыл бойы ұстаздық етіп, соның 31 жылында мектеп директоры қызметін абыроймен атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары білім ұясы аудан көлемінде үздіктер қатарынан табылып, шәкірттері ҰБТ мен пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсеттті.

IMG-20250622-WA0095
В.Леонтьева ұстаздық жолмен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Аудандық мәслихат депутаты атанып, Бәйтеректің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Осынау еңбегі еленіп, түрлі мемлекеттік, салалық марапаттарға ие болды.

IMG-20250622-WA0100

Салтанат Серікбайқызы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале