21.12.2024, 17:00
Оқылды: 6

Бәйтерек ауданында «Жыл үздігі – 2024» жастар сыйлығы байқауы өтті

Биікке ұмтылған, білімді де өнерді, еңбекқор жастарды іріктеу мақсатында ұйымдастырылатын аудандық «Жыл үздігі – 2024» жастар сыйлығы байқауы  биыл да тартысты өтті. Бұл жолы 11 аталым бойынша 72 үміткер бақсынады. Яғни байқауға қатысушылар алдын ала тапсырған таныстыру партфолиоларын және жыл бойына атқарған жұмыстарын комиссия мүшелеріне бағалау оңайға түскен жоқ.

IMG_20241221_002815_182

- Біз, комиссия мүшелері еңбегімен, беделімен, іскерлік қырымен ел-жұрттың құрметіне бөленіп, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда ауданымыздың намысын абыроймен қорғап жүрген жандарға назар аударуға тырыстық. Әсіресе жоғары деңгейлі сайыстарда топжара алмаса да болашағынан үміт күттіретін жастарға сенім арттық.  Әсіресе үздік жас педагогтарды, үздік оқушалырды таңдауда біраз уақытымыз кеткені рас. Себебі сынға түскен мұғалім 24 болса, оқушылар саны – 15. Және шетінен мықты. Дегенмен де сайыстың аты сайыс, бір адам ғана жеңімпаз болуы керек. Жан-жақты бағалау арқылы үздіктер анықталды, - деді іс-шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары, аталмыш байқау комиссиясының төрағасы Ерлан Ғалиев.

IMG_20241221_002821_660

Нәтижесінде Переметный орта мектебінің мұғалімі Салтанат Бажикова «Үздік жас ұстаз», Январцев мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы Дана Қаменова «Үздік оқушы,  белестік Ақкенже Қонысбайқызы «Үздік жас өнерпаз»,  аудандық БЖСМ-ның спорттық бағдарлау бойынша жаттықтырушысы Ерасыл Серікұлы «Үздік жас спортшы», Раздольный мектебінің  кітапханашысы Ольга Капустина «Үздік жас кітапханашы» аталымдарына ие болды. Сондай-ақ «Үздік кәсіпкер» аталымы щаповтық Айзада Аманғалиеваға, «Үздік жас отбасы» макаровтық Жұмабай әулетіне, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» аталымын достықтық Оксана Амановаға, «Үздік жас маман» №2 аудандық ауруханасындағы (Дариян) жалпы тәжірибе дәрігері Назгүл Тоқбаеваға, «Үздік жас қолөнерші» переметныйлық Виктория  Қонашеваға бұйырды. Ал «Жыл жаңалығы» аталымына Қ.Аманжолов атындағы орта мектептің мұғалімі  Зульфия Хайруллина лайық деп танылды. Ол  9-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз хобби» тақырыбында бейнебаян түсіріп, «Педагогикалық идеялар панорамасы» облыстық байқауында 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған.

IMG_20241221_002758_059

Салтанат Серікбайқызы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале