26.02.2025, 10:15
Оқылды: 275

Бәйтерек ауданының 27 тұрғыны қаржылық сауаттылық курсынан өтті

 

Бәйтерек ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқу ұйымдастырылды.

IMG-20250226-WA0013

«АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бибігүл Меңдіғалиеваның айтуынша, бұл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған. Бәйтерек ауданының 27 тұрғыны бірінші лек бойыша 3 күн оффлайн, 2 күн онлайн түрде тегін оқыды.

Оқуды аталмыш партияның БҚО филиалынан келген қаржы сарапшысы Мәнсия Тұрдалиева өткізді. Оның сөзіне қарағанда, биылғы жоба қарызы 90 күннен асып, төлей алмай жүрген азаматтарға арналады. Оқу барысында азаматтар қаржылық біліктіліктерін арттырумен қатар, қарыздарын заң аясында реттеу (қарызын қайта құрылымдау,  аресттен шешу,  банкроттыққа тапсыру т.б) бағытында құқықтық көмек алды.

IMG-20250226-WA0015

  • «Қарызсыз қоғам» жобасы қаржылық қиындықтарға тап болған отандастарымызды қолдау мақсатында дайындалды. Жоба аясында оқу кезінде олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, жеке қаржыларын басқару дағдыларын дамытуға баса мән беріледі. Семинар, консультациялар арқылы біз қаржылық мәселелерді шешуге көмектесіп қана қоймай, жарқын болашаққа керекті дағдыларды қалыптастырамыз. Бес күн бізден тәлім алған адам өз қаржысын сенімді басқаратын болады. Түпкі мақсат - қарыздардан аулақ болуға ұмтылатын қоғам қалыптастыру,-дейді Мәнсия Қайсағалиқызы.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале