25.11.2024, 17:30
Оқылды: 10

Бәйтерек ауданының әкімі Приурал аумағы тұрғындарын қабылдады

Дариян ауылдық округінде аудан әкімі Марат Тоқжанов Приурал аумағы тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.

IMG_2961

Green Park директоры Дәурен Искандыровкәсіпкерлік нысанның артына бөгет салу жоспарда бар ма деген өтінішімен жолықты.

– Ол жоспарда жоқ. Аталған нысанның артына дамба тұрғызу үшін оның биіктігі 10 метр болуы керек. Өйткені ол сайда орналасқан. Сіз айтып отырған жерді жабу өте қиын әрі тиімсіз. Біз бөгет салғанда ең биік нүктені таңдаймыз. Сайдың барлығында Жайықтың жайылмалары тұр. Олар ертең тасығанда бөгетті бұзып кетеді. Келесі жыл тағы тасқын судан қауіп бар. Өйткені, екінші жылыбиылғыданда көп келуі мүмін. Сондықтан қандай құрал-жабдықтарың бар ертерек алып кеткен абзал, - деді аудан әкімі.

Ал кәсіп иесі ол жерге ғимарат салғанын, оған 3 млрд инвестиция тартқанын, енді тағы қосымша жер алып, 1 жарым млрд қосуды жоспарлап отырғанын айтады. Бетон-кірпіштен салынған нысандардар суға төзімді екеніне тоқталған Марат Лұқпанұлы кейінгі жоспарын сәл кешеуілдетуге кеңес берді. Ал тұрғынның шағын гидро құрылғымен көмек бола ма деген сауалына, сорғы қоямыз, көктемде жәрем керек болса, біз дайынбыз деп нақты жауап берді.

Дариян ауылының тұрғыны Сергей Яковлевичсаяжайдағы жалғыз үйі бұзылып, су астында қалғанына шағымданды. Алайда округ әкімі Тілек Какеновтың ақпаратынша, азамат ол үйде мүлдемқыстамаған. Үйдің құрылысына қатыстықұжаттары да жоқ. Алайда олар түсіністікпен қарап, 100 АЕК материалдық көмек алуына ықпалдастық. Залал келген мүлкіне 244 мың теңге төленген. Ал енді шағымданушы өзіне жаңа баспана сұрап отыр.

– Біз дер шағында комиссия жібердік. Қазір ТЖжабылды. Сәуір, мамыр, маусым айларында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық тұрғындарға ақпарат таратылды. Түрлі жағдайлармен де бетпе-бет келдік. Мәселен, ескі жиһаз бен мүліктің орнына жаңаның құнын алғандар болды. Оған да көз жұма қарадық. ОЛХ-та олардың да негізгі бағасын біз де көріп отырдық. Бағалаушы компания өкілдеріне өтініш жасадық. Адамдарға көмектескіміз келді. Ал егер заң тұрғысынан тексерсе, одан да түрлі құжатқа қатысты сұрақтар туындауы әбден мүмкін. Сізде қажетті құжатыңыз жоқ? Біз қалай баспана бөлмекпіз? Егер сіз тұрсаңыз, оған жылу, жарық жүйесі өткізілмей ме? Оған заңды құжатын сұрамай ма? Сол себепті бұл жалғыз үйіңіз болуы мүмкін емес,-деді Марат Лұқпанұлы.

Дарияндық Жасұлан Қуанов көп балалы әке екенін айтып, әйелінің сүтті ешкі тұқымын өсіру бойынша мемлекеттік грант иеленгенін, қазір Дариянда үйі орталықта тұруы себепті дами алмай отырғанына қиналады.

– Мен ешкіні бағуым керек. Адамдар үйлерінің алдына гүл, терек егеді. Кейін оны ешкілер бүлдірді деп шағым жасайды. Мал басын өсіргім келеді. Алайда Дариян ауылында дамытуға мүмкіндік болмай отыр. Менің білуімше, көп балалы отбасыларға шекаралық аймақтардан үй берілуде екен. Менің сондай баспанаға қол жеткізіп, жеке шаруашылығымды дамытуға мүмкіндігім бар ма? Мен үлкен ферма ашқым келеді. Маған 10 гектардай жер керек. Болашақта тек Бәйтеректі емес, қаланы сүтпен қамтығым келеді,- дейді Жасұлан Хамитұлы.

– «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, дамыт кәсібіңді. Кезекте болмасаң, қалай үй береміз? Сен үйіңді мемлекеттің қарамағына өткіз, біз Кирсановадан саған жаңа баспана ұсынамыз. Барлық кезекте тұрған тұрғындарды үймен қамтимыз, кейін барып олар бас тартса ғана сізге береміз, -деді аудан басшысы.

Алайда қабылдауға келушінің Кирсанов ауылдық округінде де жеке баспанасы болып шықты. Өзі электрик болып қызмет етеді. Балаларының кішкентай болуы себепті, жылу жүйесін өткізілмеген Кирсановтағы үйіне баруға құлықсыз.

Кирсановқа жолдың тегістеліп, жол жиегінің теректен тазартылғанын айтқан Марат Лұқпанұлы кезінде онда көгілдір отынды жергілікті азамат жүргізді. «Қанша жерлесіне тегін өткізіп берді. Сен сол кезде әкімдікке көп балалаы әке екеніңді жеткізіп, жолыққанда бұл мәселе емес еді. Қазір әрине ол қомақты ақшаға шығады. Қыстан өтіп, көктемде көгілдір отын кіргізіп, Кирсановқа барасың. Қыста сенің ешкілеріңді ешкім айыппұл тұрағына қаматпайды. Жаз шыға ер азаматсың, отбасыңның жағдайын жасап алатыныңа сенімдімін»,- деді аудан әкімі.

Гүлфара Махамбетқызы – жас маман. Махамбет мектебінде дефектолог болып қызмет атқарады. Көп балалы ана. Бірнеше рет құжат тапсырып, үй кезегіне тұра алмай жүр. Махамбет ауылдық округі әкімі Бейбіт Амангалиевтің мәліметі бойынша азаматшаның несиені кешіктіріп төлеуіне байланысты қазіргі таңда ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй ала алмай отыр.

Гүлфара 2022 жылы Жәнібек ауданынан қасына әкесі мен анасын көшіріп алған. Олардың үйінің қаржысына үй сатып алады.  Ол үйді де иесі«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен алған екен. Алайда мүлдем қарызын төлемей келген.

– Сол кезде «Центр кредит» банкіне бардым. Ол кісі 5 жыл толмай сата алмайды деді. Алған үйіміз 1961-1962 жылы салынған екен. Біз өз қаражатымызға үйді жөндедік. Енді бұрынғы иесінің алғанға дейінгі қарызы көбейіп, үстіне өсімпұл қосылған. Ол миллионға жуықтаған. Ертең ана үйді алып, аукционға шығарамыз дейді банкөкілдері. Менің жаңағы баспананы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен алып, кейін берешегімөзім жабатын мүмкіндігім бар ма? Оның ыңғайықазіргі таңда келтіре алмай отырмыз. Осы мәселені шешуге көмектессеңіз. Ата-анамның қыстың ішінде сыртта қала деп, жаным аурады, -дейді ол.

– Жоқ, мәселе оған дейін ушықтпайды. Ата-анаң жылы орнында отырады. Алдымен, кепілдікте тұрған үйді қалай және неге сатып алдың? Міне, мәселе қайда жатыр. Наурызға дейін үй мен үйді алушының құжаттарын реттеу керек. Аудандық ТҮКШ және АЖ бөліміне барып, үйдің құжаттарын толық тексертіп ал. Сосын үйдің өзінің атыңа «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауысуына көмектеседі, - деген Марат Лұқпанұлы мәселені мейлінше тезірек әрі заң аясында шешіп беруді округ әкімі Бейбіт Аманғалиевке жүктеді.

Гүлжаз Баделова
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале