Бәйтерек ауданы, Переметный ауылында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXII сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Тоқсамбаев, мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Сессияны ашқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин атап өткендей, күн тәртібіндегі басты мәселе — ауданның алдағы бес жылдық әлеуметтік-экономикалық бағытын айқындайтын стратегиялық маңызды құжатқа түзетулер енгізу болды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлжан Сейтмулдина баяндама жасады. Ол өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық негіздеріне тоқталып, бұл қадамдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Шешім жобасы ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Үкіметтің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жоспарлау қағидаларына сәйкес әзірленген. Сонымен қатар, түзетулер енгізу кезінде биылғы жылдың 13 қаңтарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қ.Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңес отырысының хаттамалық тапсырмалары негізге алынды.
Талқылау нәтижесінде тиісті шешім қабылданды. Даму жоспарының қосымшаларына сәйкес өзгерістер мақұлдады. Бұл құжат қол қойылған күннен бастап ресми түрде күшіне енеді.
Гүлжаз Қалесқызы,
Бәйтерек ауданы