25.12.2020, 17:06
Оқылды: 15

Бәйтеректе 81,1 шақырым асфальт жолы төселді

Биыл Бәйтерек ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жүргізілген күрделі және орташа жөндеу жұмыстары аудан тарихында бұрын-соңды болған емес.

Дороги (2)

Айта кету керек, ауданда 852,5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Оған тікелей елді мекендерді бір-бірімен байланыстыратын жолдар, көше жолдары кіреді.

Аудан бойынша биыл 81,1 шақырымды құрайтын асфальт жолы төселді, оның ішінде 39,1 шақырымы көше жолдарын құрайды.

IMG_4528 (1)

Бастапқыда жол жөндеу жұмыстары басталған сәтте оның толыққанды жүзеге асырылуына күмәнмен қарағандар да болды. Алайда жоспарлы жұмыс оң нәтижесін бере білді. Бұл орайда жекелеген мердігерлердің жұмысты мерзімінен бұрын аяқтағанын да айтпасқа болмас.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале