10.09.2020, 9:23
Оқылды: 37

Бәйтеректе 877 жаңа жұмыс орны құрылған

«Adal komek» жобасы аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов инстаграм желісі арқылы тікелей эфирге шықты. Олар аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік қолдаулар және жұмыспен қамту шараларын іске асыру туралы баяндады.

IMG_8670

- Бүгінгі таңда ауданымызда 60 356 адам болса, олардың ішінде экономикалық белсендісі – 31 635. Әр түрлі салада еңбек етіп жүргендер 30813 адам. Жыл басынан жұмыспен қамту орындарына жұмысқа орналасуға 1507 тұлға өтініш берген. Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар саны – 668. Ақылы қоғамдық жұмысқа 357 адам жіберілді. Жұмыспен қамту органдары арқылы 787 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмысқа – 48, жастар тәжірибесіне 91 адам тартылған. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне 877 жаңа жұмыс орны құрылды. Азаматтардың өтініштері бойынша 76 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 757,2 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Аманжолұлы.

Бұдан бөлек ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларын оқытып, тәрбиелейтін  ата-аналарға, ауған соғысының қатысушыларына, қатерлі ісікке шалдыққандарға, тағы басқасына да қомақты төлемдер төленген.

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 97 азамат білім алды. 8 адам үстіміздегі айда оқуды тәмамдамақ.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 269 200 теңге болатын 67 несие ұсынылуда.

Үстіміздегі жылы максималды мөлшері 200 АЕК немесе 555 600 теңгені құрайтын 93 грант жоспарлануда. Бүгінгі таңда 66 грант ұсынылды. Алдағы қазан айында 43 грантты қосымша қаржыландыру көзделуде.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ауданда 698 жұмыс орнын құрайтын, оның ішінде 351 тұрғынды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыруды көздеген 10 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде, - дейді жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Викторович.

Ауданымызда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 жоба жүзеге асуда. 121 адам жұмысқа орналастырылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында да төрт жоба жүзеге асырылуда, 29 адам жұмысқа орналасқан. Ал «Нұрлы жер» бойынша 1 жоба, бес адам жұмысқа орналасқан.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале