Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округіне қарасты Садовое елді мекенінде «Алаш» демалыс орталығы ашылды.
Балалар мен ересектердің мәдени демалысын ұйымдастыру жұмыстарын қолға алған орталықта қысқы және жазғы спорттық құрылымдармен жабдықталмақ.
Оның ішінде мұз айдыны, биік сырғанақ, асхана, интеллектуалдық ойын аумағы бар. Тау сырғанағы ересектерге және балаларға арналған. Ұзындығы 100 метрді құрайды. Спорттық құрал-жабдықтардың ішінде шаңғы, коньки бар.
Алдағы уақытта кешенде шаңғы жолағы іске қосылмақ. Ал жаз мезгілінде аквапарк іске қосылып, жасанды бассейн ашу да жоспарда тұр.
Кешен өкілі Қайырбек Жәрдемов 150 млн. теңгені құрайтын жобаға әзірге 50 млн. теңге қаражат жұмсаған.
Айта кету керек, кешен асханасында ас мәзірі бір реттік қолданылатын ыдыс-аяқпен ұсынылып отыр.
Кешен басшылығы балалар ойынына қажетті құрылғыларды арзан бағамен жалға ұсынып отыр.
Орталықтың ашылу салтанатына аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жақсылық Биғазыұлы, Макаров ауылдық округінің әкімі Нәсіпқали Қуанышев қатысып, игі тілектерін арнады.
Ертай Бимұханов,
Бәйтерек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер