6.12.2024, 19:00
Оқылды: 80

Бәйтеректе «AMANAT» партиясы аудандық филиалының актив отырысы өтті

Бәйтерек ауданында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының актив отырысы өтті. Оған «AMANAT» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, аудандық бөлім және мекеме басшылары, округ әкімдері, маслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты.

IMG-20241206-WA0008
Жиында негізгі баяндаманы «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрайымы Бибігүл Ахметжанова жасады. Ол аудандық партия филиалының биыл атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Оның сөзіне қарағанда, биыл бірқатар жобалар жүзгеге асқан. Олардың ішінде «Кітап-Amanat», «Бақытты отбасы», «Баланы мектепке даярлайық», «ТазаLike» жобасы, «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» секілді жобалар бар.
- Бүгінгі таңда 19 бастауыш партия ұйымына біріккен Бәйтерек аудандық филиалында 2195 партия мүшесі бар. Мүшелік жарнаны жинау бойынша осы жылдың 11 айында жоспар 108,7 пайызға орындалды. Аудандық мәслихат депутаттары ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, сайлауалды бағдарламалары аясында былтыр атқырылған жұмыстар туралы есеп беріп, келер жылға жоспарларымен бөлісіп, тұрғындармен көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізді, - деді Бибігүл Мендіғалиқызы.

IMG-20241206-WA0004
Жиында депутаттар мен партия мүшелері ауданымыздың білім, денсаулық сақтау салаларына, инфрақұрылымдық даму, әлеуметтік мәселелері турасында сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

IMG-20241206-WA0005
Актив отырысы барысында сөз алған «AMANAT» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев көктемгі су тасынына қарсы күресте бәйтеректіктер де белсенділігімен танылғанын атап өтіп, аудан, мәслихат басшылығына өз алғысын жетікізді.

Динара Қасым

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале