Бәйтерек ауданы әкімінің қаржы және экономика бағыты бойынша жаңа орынбасары лауазымына Лауаз Уәлиев тағайындалды.

Соған орай өткен актив жиналысында аудан әкімі Марат Тоқжанов жаңа орынбасарын таныстырылып, оның өмірбаяны, еңбек жолын атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Лауаз Жеңісұлы 1972 жылы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын мал дәрігері, 2005 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институтын менеджер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Орда аудандық ветеринарлық станциясының мал дәрігер қызметінен бастаған. Одан соң Орда ауданының «Искра» шаруашылығында бас мал дәрігері, Орда аудандық ветеринарлық станциясының мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, ветеринарлық қадағалау бөлімінің бөлімше бастығы, ҚР АШМ БҚО, Орда аудандық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы болды. 2010-2012 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2012-2018 жылдары Теректі ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2020 жылдары Орал қаласының ветеринария бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет етті. 2020 жылдан күні бүгінге дейін Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

- Лауаз Жеңісұлы, бұрынғы қызметінде болған кезде берілген тапсырманы артығымен орындай білді. Әсіресе ауыл шаруашылығы, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша алдына қойылған межелерді бағындыра білді. Бұл оның бір сөзді, тез әрі дұрыс шешім қабылдай білетінін, жауапкершілік жүгін сезінетінін көрсетсе керек. Мұндай жанашыр адамның ауданға, елге берері мол деп сенім білдіремін,-деді Марат Лұқпанұлы.
Гүлжаз Қалесқызы
Бәйтерек ауданы