ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Еріктілер жылы аясында "ADAL KÓMEK" жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады.
Осы орайда 15 мамыр күні Бәйтерек ауданының ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Талғат Бекмұхановтың қатысуымен ауданда қоршаған ортаны өрттен қорғау шаралары туралы онлайн-конференция өткізілді.
Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде Талғат Бекмұханов конференцияға қосылған көрермендерді өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде орындалуы міндетті өрт қауіпсіздігі талаптарымен, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын техникалық регламенттер, өрт қауіпсіздігі ережелері, нұсқаулықтар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен таныстырды.
Сонымен қатар өрт тараған қауіпті аймақта қалған жағдайдағы және суда жүзу тәртіп ережелерін де түсіндіріп өтті.
Аружан Болатбекқызы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz