26.11.2024, 9:46
Оқылды: 11

Бәйтеректе бөгеттер құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов облыстық мәслихат депутаты Оганнес Миносянмен бірге елді мекендер мен ауыл шаруашылығы алқаптарын көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында салынып жатқан Январцев, Красноармейск, Рубежин, Озерный, Володар, Байқоныс және Жайық ауылдарындағы бөгет құрылысы жұмыстарын қадағалады.

29eaa6dc-baae-466a-82d3-b9d9739206ec

Бөгеттер топырақ пен құмнан көтеріліп жатыр. Астына су өткізу тұрбаларымен жабдықталған. Олар судың ағынын реттеу немесе тиімді басқару үшін ауыздықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда барлық бөгет құрылысы жұмысына 2 млрд-қа жуық қаражат қарастырылған.

Аудан әкімі Марат Тоқжанов бөгет басында болып, құрылыс жұмыстарын көріп, олардың максималды тұрақтылықты қамтамасыз етуін басты назарға алуды тапсырды.

76e0f957-40e7-45a1-a508-a135d41842a4

Январцев ауылы шетіндегі бір бөгеттің ұзындығы – 3 шақырымнан асады. Биіктігі – 3 метр. Сондай-ақ іс-сапар барысында аудан әкімі құрылысы аяқталғалы жатырған жаңа медпункт ғимаратын да аралап көрді. Нысанға көгілдір отын кіргізілген. Су келіп тұр. Жарық бағаналары орнатылған. Бүгінде құрылыс 90 пайызға аяталған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан – «Батыс Котло Монтаж» ЖШС-і. Тамызда басталған медпунктті осы айдың соңында аяқтап тапсыру жоспарланып отыр. Аудан әкім кәріз жүйесі мәселесін де реттеп беру жөнінде тапсырма берді.

Рубежиндегі бөгеттің ұзындығы – 1 800 метр. Қазіргі таңда бөгеттердің астынан су өткізу тұрбаларын жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Оның басы нықталып, ауыздықтармен бекітіледі», - деді жауапты мердігер компания басшысы Муса Гурсаев.

Озерный ауылындағы бөгеттерді тексерген аудан әкімі Марат Тоқжанов кейбір тұстарды әлі де көтеру маңызын айтты. Бөгетті су айналып келіп тұрмауын, жер бедеріне мән беруге, су өткізу тұрбаларын соған сәйкес орнатуды тапсырды.

a5029765-7ceb-4e09-8505-25d3ae1a9d68 - копия

«Бөгетте жоба бойынша 6 тұрба бар. Бөгеттің биіктігі – 3 метр. Ұзындығы – 1 800 метр», - деді құрылыс басындағы учаске басшысы Серік Жұмақанов.

Байқоныстағы бөгет ұзындығы 1 км 800, Дариянда шамамен 5 шақырымға жетеді. Володарда 1 шақырым 700 қашықтыққа тартылған.

«Қазіргі таңда тасқынға қарсы бөгет құрылысы жұмыстары қарқынды жүруде. Бәрі уақтылы орындалуда. 10 желтоқсанға дейін барлық жұмыстарды аяқтап, тапсыру көзделіп отыр. Басты мақсат – келер жылы төнер тасқыннан тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деді облыстық мәслихат депутаты Оганнес Минасян.

Гүлжаз Баделова

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале