13.11.2024, 20:00
Оқылды: 79

Бәйтеректе экстремизмнің алдын алуға бағытталған семинар өтті

Діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекетіміздің дамуы жолындағы маңызды аспект. Соңғы жылдардағы еліміздің діни ахуалына жасалған талдауға сүйенсек, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрған. Оның басым бөлігі – жастар. Бір жағынан оң қадамға баласақ, екінші тұсы – олардың қатарында дәстүрлі дінімізді бұрмалаушылар бар. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында аудан орталығы Переметныйда мәдениет қызметкерлері, NEET санатындағы жастар, «Бәйтерек» колледжінің студенттері мен Қ.Аманжолов атындағы ЖОББ мектебі оқушылары Атырау қаласынан «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теологі Ринат Қалмазұлымен кездесті. 

IMG-20241113-WA0014

Кездесу мақсаты – жас ұрпақтың санасын улап жатқан жат ағымдардың әсер ету жолдары мен салдарын түсіндіріп, әлеуметтік желілердегі діни сайттардан сақтану және  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Іс-шара барысында қатысушылар көкейдегі өзекті сауалдарын жолдап, дәстүрлі діннен деструктивтіні ажырату белгілерін сұрады.

IMG-20241113-WA0010

- Қысқа, шолақ шалбар мен ұзын сақалға қарап баға беру – үлкен қателік. Деструктивті теріс ағымдағы адаммен қатынас құрмайынша онымен сөйлесіп, дін туралы көзқарасын білмейінше біз оның қай ағымда жүргенін біле алмаймыз. Сырттан қарап "ахи", "ухти" деп айтты екен деп, оларды деструктивті ағымдағылар деуге болмайды. Кісінің сөйлеу сөзінен тану үшін сіздерге ең алдымен діни ілім керек. Өзіңіздің санаңыз діни ілімге бай болуы шарт.  Сондай кезде ғана ол адамның қай ағымда жүргенін ажыратасыз.

IMG-20241113-WA0008

Бүгінгі сіздермен талқылайтын тақырып, діни экстремизм және терроризм. Экстремиз мен терроризм дегеніміз халыққа зорлық-зомбылық көрсету арқылы мемлекеттің құрылымы мен тәртібін бұзу, Ата заңға қарсы бағытталған іс-шаралар. Бұл әрекеттер мемлекеттің қауіпсіздігіне, мемлекет болып қалыптасуына, тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде дінге қатысты заңдар қабылданғанымен, теріс бағыттағы ұйымдар мен секциялар қоғамда әлі көрініс табуда. Өздеріңіз білетіндей еліміздің бірнеше қалаларында бұл жәйт орын алды. Атап айтсақ, Атырау, Алматы, Ақтөбе қалаларында террористік фактілер тіркелді. Бұның түбінде діни сауатсыздық пен өзге ағымдарға мойынұсыну жатыр. Сол себепті бүгінгі семинар сізге өз пайдасын тигізеді деген ойдамын. Сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің белең алуына әлеуметтік желілердегі сайттар себепкер. Баланың қызығушылығын қадағаламайтын жұмысбасты ата-аналар. Ата-ана да діни сауатын мешіт имамдарының көмегімен жетілдіруі керек. Біз біріккенде ғана нәтиже болады, - деді Ринат Қалмазұлы.

IMG-20241113-WA0013

Салтанат Серікбайқызы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале