12.05.2021, 15:16
Оқылды: 53

Бәйтеректе індетке шалдығу бәсеңдемей тұр

Бәйтерек ауданы эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл" аймақта. Жыл басынан бері 1583 ауру жұқтыру дерегі тіркелген.  Олардың 1003-і симптомды, 580-і симптомсыз болыпты.

D4BFCC77-343C-40E1-A50F-497088628DE6

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев берген мәліметке сенсек, COVID-19 дертіне 489 зейнеткер, 12 мүмкіндігі шектеулі жан, 61 мұғалім, 102 оқушы, 41 медқызметкер, 26 студент және 16 жасқа толмаған 15 адам шалдыққан.

Қазіргі таңда ауданда 364 адам ауырып жатыр. Олардың 275-і симптомды, 89-ы симптомсыз. 322 адам үй карантиніне жабылса, 42 науқас ауруханада.

-Жыл басынан бері 1219 адам жазылып шықты. Олардың 498-не стационарлық ем қонса, 721 адам амбулаторлық емдеуден кейін айықты. Күні бүгінгі мәлімет бойынша 16 адам қаза тапты,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбеталиев.

Ауданның бас санитарының айтуынша, соңғы тәулікте ауданда індет жұқтырудың 65 жаңа жағдайы тіркелген. Сонымен қатар карантин талаптарын сақтау жағы да ақсап тұр. Осы кезге дейін санитариялық талапты бұзудың 12 дерегі тіркеліп, хаттама толтырылған.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале