28.08.2020, 16:40
Оқылды: 48

Бәйтеректе кәсіподақ мүшелері марапатталды

Осы кезге дейін Бәйтерек ауданында қызмет етіп жүрген жұмысшылардың құқығы бұзылмаған. Бұл туралы ауданға кәсіподақ мүшелерімен кездесуге келген сапарында «Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Серік Сүлеймен мәлімдеді.

suleimen (4)

Аудан әкімдігінде ұйымдастырылған кездесуді аудан басшысы Марат Тоқжанов ашып жүргізді. Алдымен жиналғандарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаған Марат Лұқпанұлы сөз кезегін Серік Кенжебекұлына ұсынды.

suleimen (1)

– Өткен жылы Бәйтерек ауданына келіп, халықпен кездесу өткізген едік. Араға жыл салып тағы да кездесудің сәті түсті. Карантин режимі жеңілдетілген кезде жұмысты қайта жандандырудамыз. Басты мәселеміз – жұмысшылардың құқықтарын қорғау. Мамыр айында еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді, кәсіподақ туралы заңда жаңашылдықтар бар. Соның барлығы жұмыс жасап жүрген жандарға түсіндірілуі керек. Өзгертулерді дер кезінде барлық әкімдіктерге жібердік. Ол заңдар орындалуы да бақыланады. Соңғы кездері қашықтан жұмыс жасап жатқандардың құқығы сақталуын да қадағалауымыз қажет, – деді Серік Кенжебекұлы.

suleimen (3)

Наурыз айынан бері жұмыс тұралап, көп мәселелерді кәсіподақ мүшелерімен талқылай алмағанын айтқан Серік Сүлеймен карантин режимі кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсетуге кәсіподақ та бір адамдай жұмылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ шара соңында Серік Кенжебекұлы көп жылдар бойы аудан кәсіподағының мүшесі болған және ұйымның дамуына өзіндік үлестерін қосқан Наталья Колманова, Зиннат Бикеева және Баян Иксановаға алғысхат пен сыйлықтар табыс етті.

suleimen (2)

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале