15.05.2020, 9:32
Оқылды: 47

 Бәйтеректе көктемгі далалық жұмыстардың қарқыны жақсы

Өсімдік шаруашылығы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына ауданның 194 дәнді және 63 көкөніс-картоп шаруашылықтары қатысады деп күтіліп отыр. 2021 жылғы егіске күздік дақылдар егуге 55 000 га қалдырылды.

D3891C00-859F-48A4-8AB4-3F086834857E

Ылғалдың жабылуы – 178 650 га алаңда  100% жүргізілді.

Себу алдындағы өңдеу – 63 578 га., жоспар – 121 900 га.

Көктемгі қазіргі уақытта жаздық егіс барлығы – 90 303,5 га., соның ішінде арпа –11 458 га., жаздық бидай – 39 813 га., сұлы – 440 га., дәнді құмай – 950 га., тары – 16 га, мақсары – 14 856 га., күнбағыс – 18 648 га., зығыр – 440 га., еркек шөп – 1300 га., судан шөбі – 1 162 га., сүрлемдік жүгері – 25 га., картоп – 997,5 га., көкөніс – 188,5 га., бақша – 9,5 га. құрайды.

      Аудан бойынша 2020 жылғы көктемгі егіске дәнді дақылдар, майлы дақылдар, мал азығы дақылдары мен картоп тұқымы қажетті көлемде дайындалған, толықтай жеткілікті.

      Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданда барлығы 1913 бірлік трактор бар. Оның ішінде 450 бірлік шынжыр табанды, 978 бірлік түрлі маркалы астық тұқым сепкіші, 297 бірлік культиватор, 10 тұқым улағыш, 7759 дана тырмалар бар.

Сонымен қатар көктемгі егісте 34 бірлік "Джон Дир", "Кейс", "Нью –Холланд" маркалы егіс кешені, 450 бірлік шынжыр табанды трактор және 615 трактор тіркемесі қолданылады.

Негізінен алғанда егістік техникалық бақылауы 5 мамыр күні ауылдық округтерде аяқталды, шабындық техникасына 10 маусымнан басталады.

    - Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданға қажетті дизель отынының көлемі - 5200 тонна бөлінді. Бөлінген жанар-жағармай шаруашылықтарға жұмыс жоспарына сәйкес айлар бойынша бөлінді. Сәуір айына – 1330 тонна, мамыр – 3110 тонна, маусым – 760 тонна. Осы көлем далалық жұмыстарға толықтай жетеді. Оператор "Батыс Арна" ЖШС болып табылады. Арзандатылған дизель отынының құны 1 литр үшін 163 теңге.

Тұқымның, дайын техниканың, сондай-ақ қажетті дизель отынының көлемін ескере отырып, ауданның АШТӨ оңтайлы агротехникалық мерзімде егуді жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта шаруашылықтар оператордан жанар-жағармайды келісімшарт арқылы алуда, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиев.

 Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале