Бәйтеректік малшылар өткен жылдың қараша айында төрт түлікті тоқтатып, қыстақ жайын қамдады.
Қыстың қамын жаз ойлайтын шаруалар аудан аумағындағы 93 қыстақтағы 40 576 ірі қара, 62 202 қой мен 4 470 бас жылқыға барлығы 117 000 тонна шөп, 44 000 тонна жем жинаған. Бүгінде 94 986 тонна шөп, 37 906 тонна жем бар. Жыл басындағы боран салдары толығымен жойылып, барлық қыстаққа қатынайтын жол тазаланды.
Бөлім басшысы Ерікқали Бисақаев:
- Ауданда мал ерте тоқтайтындықтан шаруалар қысқы азықты жеткілікті дәрежде жинап алады. Қазіргі таңда барлық қыстақтың жағдайы қалыпты. Жем-шөп жеткілікті. Қыстақ ойдағыдай жоспарлы түрде өтуде. Басты мақсат – мал азығының тапшылығына жол бермеу, - дейді.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер