Бәйтерек ауданында «Мектепке жол» акциясы басталды.
Алғаш болып науқанды Краснов ауылдық округінің жастары қолға алды. Ауыл жастарынан құрылған «Үміт» волонтерлар тобының мүшелері мен мектеп ұстаздары қаражат жинап, ауылдағы екі отбасы балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар алып берді.
-Биыл "Мектепке жол" акциясын ауданда біз алғаш болып бастадық. Әзірге тек екі көпбалалы отбасы балаларына керекті құралды ала алдық. Бұл бастамамыз әлі де жалғасатын болады. Ауылдағы кәсіпкерлер де қолдауын білдіруге дайын,- деді Краснов ауылдық округінің жастар жетекшісі Райхан Сақыпова
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz