Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында меншікке қарсы қылмыс пен құқықбұзушылық деңгейі қаралды.
Құқық қорғау құрылымдары өкілдері келтірген мәліметке сүйенсек, биылғы алты айда бөтеннің мүлкін ұрлаудың 23 фактісі (2023ж. – 51) тіркелген. Қылмыстың ашылу деңгейі 94,3% (2023 ж. – 88,9%) құрады. 12 пәтер ұрлығы (2023 ж. – 20) тіркеліп, сегіз фактіге төмендеу байқалды.
Ашылуы 100% (2023 ж. – 100%) құрады. Ұялы телефон ұрлығының бес фактісі (2023 ж. – 10) тіркелді, олар толық ашылды. Сондай-ақ алты алаяқтық (2023 ж. – 7) дерегі тіркелді. Оның ашылуы– 57,1% (2023 ж. – 42,9%).
Жиын соңында комиссия отырысында көтерілген мәселелер қаперге алынып, құзырлы құрылымдар тарапынан оларды мүмкіндігінше жедел шешу жайы қарастырылуы тиіс екені айтылды.
Гүлден Сержанова
Бәйтерек ауданы