22.07.2020, 17:11
Оқылды: 43

Бәйтеректе мониторингтік топ дәріханаларды аралады

Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттамауын және тапшылығын болдырмау мақсатында Бәйтерек аудандық қоғамдық мониторинг тобы аудан орталығындағы дәріханаларға рейд жүргізді.

75111111-55FA-4036-8351-F9DA41A532BB

Аптасына бір рет ұйымдастырылатын рейдке «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кеңесші маманы Жеңіс Есеналиев, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлжан Жагузиева, «Aqjayiq - adaldyq alany» жобалық кеңсесі жетекшісі Алма Төлепқалиева қатысты.

Переметный ауылындағы «Талап», «36,6» және «Антей» дәріханаларына барған мониторингтік топ мүшелері қазіргі таңда ең қажет дене қызуын түсіретін дәрілер мен дәрігерлер пайдалануға кеңес берген антибиотиктардың бар-жоғын тексерді.

7B36881B-38A0-4002-AC84-69CF92C554FE

Рейд нәтижесінде медициналық тұмшалардың бағасы түскені, аспирин, азитромецин, цеф-з сияқты дәрілерден тапшылық жоқ екені анықталды. Ал парацетомол, ибупрофен және қызу өлшегіш құрал кей дәріханаларда болмады. Фармацефттер дәрі тапшылығы ай басындағыдай емес, қазір көп препарат қаладағы қоймаларды бар екенін жеткізді. Ол дәрілер бірер күн ішінде ауданға жеткізілмек.

Мониторинг топ мүшелері дәрі сатушыларға сұраныстағы препартаттар мен бетперделерге бекітілген бағаларды қатаң сақтауын ескертті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале