30.07.2019, 17:07
Оқылды: 20

Бәйтеректе облыстық халық театрларының өнер фестивалі өтті       

Аудан орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, «2019-жастар жылына» аясында, Бәйтерек ауданы мәдени-демалыс орталығының 20 жылдығына орай «Jastar SUMMER Fest» облыстық халық театрларының өнер фестивалі өтті.

teatr (1)

Салтанатты шара аудан орталығында бастау алып, мерекелік кешке Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров, облысымыздың аумағындағы халық театрларының басшылары мен өкілдері, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

teatr (2)

Шара шымылдығы «Алтын дән» композициялық қойылымымен ашылып, ауданымыздың өнері мен мәдениетіне өз үлесін қосып жүрген өнер майталмандары халықаралық, республикалық байқаулардың  лауреаты, әнші, сазгер биылғы жылдың «Үздік мәдениет қызметкері» медалінің иегері, халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, халықтық «Скифы» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Ғизат Қисымұлы, халықаралық, республикалық байқаулардың  лауреаты, халықтық «Достық-Дружба» ансамблінің жетекшісі Сергей Саяпин, ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына көп жылдар бойы үлес қосып жүрген еңбек ардагері Марат Құспанұлы фестиваль жалауын орталық алаңға алып шығып, көкке көтерді.

teatr (3)

Мерекелік кеш «Jastar SUMMER Fest» фестиваліне қатысушы театр труппаларының шеруіне жалғасып, салтанатты шеруді алғашқы болып Ақжайық  аудандық мәдени-демалыс орталығының халықтық театры бастады.

teatr festival (1)

Шеруді көршілес Тасқала аудандық халықтық театры, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халық театры, Казталов ауданының халық театры, Теректі ауданының халықтық «Дат» театрымен бірге режиссер Әліби Жанабілов жетекшілік ететін ауданымыздың «Бәйтерек таланттары» аудандық театры жалғастырды.

Салтанатты шеру барысында халық театрларының әр жылдардағы жетістіктері мен сахналық қойылымдары баяндалып, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

teatr festival (2)

«Jastar SUMMER Fest» халық театрларының облыстық өнер фестивалінің әнұраны шырқалып, сахна төріне фестивальдің ашылу салтанатының старт тетігін басу үшін Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров, Ақжайық  аудандық мәдени-демалыс орталығының  халықтық театрының режиссері Күлім Алмұханова, Тасқала аудандық халықтық театрының режиссері Мағжан Жұмағалиев, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халықтық театрының режиссері Әсел Молдағалиева, Казталов ауданының халық театрының актері Таусих Тақаев, Теректі ауданының халықтық «Дат» театрының режиссері Әділбек Қожабеков, Бәйтерек аудандық «Бәйтерек таланттары» театрының режиссері Әліби Жанабілов шақырылды.

teatr festival (3)

Шара барысында аудан әкімі Асхат Шахаров сөз алып, алтын дәнді өлкемізге келген өнер тарландарына өз ризашылығын білдірді.

- Театр - сахналық өнердің драмалық көріністер арқылы көрерменнің көз алдына әкелетін өмір айнасы. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты.

Алдағы уақытта да халық театрларының фестивальдары өлкемізде жалғасын тауып, сахналық қойылымдар өнерсүйер көрерменнің ыстық ықыласына бөлене беруіне тілекшімін,-деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

teatr festival (4)

Салтанатты шара «Jastar SUMMER Fest» халық театрларының композициялық қойылымдарына ұласып, «Ашық аспан астындағы кино» қойылымымен жалғасын тапты.

Екі күнге жалғасқан шараның екінші күні орталық алаңда облысымыздың бес ауданынан келген халық театрларының сахналық қойылымдары қойылды.

teatr festival (8)

Театр өнерін дамыту мен қолдау және еліміздің мәдени өмірінің мәртебесін көтеру бағытында ұйымдастырылып отырған таетрлардың қойылым шымылдығын Ақжайық мәдени-демалыс орталығының халықтық театры елімізге танымал режиссер Мұқанғали Томановтың «Қыздарым менің» трагедиялық драмасымен бастаса, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халық театры Жан Ануйдің «Медея» трагедиясын, Казталов ауданының халық театры Талапхан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» драмасын, Теректі ауданының халықтық «Дат» театры режиссер Мұқанғали Томановтың «Қыздарым менің» трагедиялық драмасын, Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық театр Айжан Атымтаеваның «Кім патша?»  ертегісін сахналады.

teatr festival (7)

Халық театрлары байланысын нығайту және театр мәдениетінің өзара іс-әрекетін жандандыруға ықпал ету, театр өнерін халық арасында кеңінен насихаттау, сахна өнерін жандандыру мақсатында өткен екі күнге созылған салтанатты шара аудандық мәдениет үйінде өз мәресіне жетіп, Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы  Радих Ихласов пен Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов «Jastar SUMMER Fest» облыстық халық театрларының өнер фестиваліне қатысқан барлық халық театрлары мен театрдың қоюшы режиссерларын, театр актерларын марапаттап, естелік сыйлық табыс етті.

teatr festival (5)

-Мәдениет майданындағы өнер өлкесі - театр. Театр - ұлт руханиятының ажырамас бөлігі, өнер әлеміне жол салған тәрбие мектебі. Екі күнге созылған «Jastar SUMMER Fest» облыстық халық театрларының өнеріне жоғары баға беремін. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табады деп сенемін,-деді Мичурин ауылының тұрғыны Ерқанат Мұханбетшин.

teatr festival (6)

                                                                                      Шыңғыс РОМАШЕВ

                                                             Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале