Бәйтерек аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудандық білім беру бөлімінің орта білім беретін мектеп оқушылары мен ұстаздарына өрт қауіпсіздігін түсіндіруге бағытталған онлайн сабақтар өткізуде.
Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Николай Сламихин мен азаматтық қорғау лейтенанты Жанболат Жасталапов Асан, Батурин мектептерімен ZOOM онлайн платформасы арқылы байланысып, "Сіріңке бір өмірдің құны" айлығы аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сабақтар өткізуде.
Байланыс барысында төтеншеліктер өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау жайында түсініктер беріпөтті. Онлайн сабақтар әлі де жалғасатын болады.
Аружан Болатбекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz