7.09.2023, 11:45
Оқылды: 50

Бәйтеректе партиялық бақылау бекеті ашылды

Трекин ауылдық округіне қарасты Жайық ауылында жүріп жатқан 108 орындық мектеп құрылысының мерзімінде пайдалануға берілуін, құрылыс сапасын бақылау мақсатында партиялық бекет ашылып, жұмысын бастады.

2CAF8270-8539-4A10-B839-1255744D9870

«AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы мүшелері аудандық мәслихат депутаты Бекболат Шканов, Трекин мен Макаров Бастауыш партия ұйымы мүшелері, Жайық ауылының белсенді азаматтарымен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.

Мердігер «Ка-Строй ЛТД» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, проблемалық мәселелер жоқ, жұмыс ойдағыдай жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале