15.07.2020, 16:44
Оқылды: 20

Бәйтеректе пробация қызметінің инспекторлары дәрігерлерге көмек көрсетті

Сovid-19 пандемиясының өршуі елімізде індет жұқтырғандар мен өкпе ауруына шалдыққандардың қатарын көбейтті. Осыған байланысты өңірімізде жаңа провизорлық стационарлар ашылып, аурухана қызметкерлері сол жерге жұмысқа жіберілді.

48BF8348-989F-40E1-9FC9-67BB8E2DA3BC

    Жуырда Бәйтерек аудандық №1 пробация қызметінің мамандары провизорлық стационар ішін ретке келтіріп, дәрігерлерге қажетті аппараттарды көшірісуге көмектесті.

90769E72-0D86-4689-83F7-AA377CBEC255

   -Қазіргідей қиын-қыстау шақтарда бірлігімізді көрсетуіміз қажет. Дәрігерлерге көмек қолы керек деген хабарды естіген бойда қолғабыс етуге асықтық. Індетке қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі өлшеусіз. Біздің қолымыздан келетіні - қиын кездерде демеу болу. Алдағы уақытта әлі талай қайырымдылық шарасының ортасынан табылып, көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созуға дайынбыз,- дейді Бәйтерек аудандық №1 пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Айнат Жамиев.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале