22.09.2024, 22:50
Оқылды: 250

Бәйтеректе референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті

Бәйтерек ауданында «Референдумға тиімді дайындық және өткізу жөніндегі комиссиялар қызметін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинар-кеңестері ұйымдастырылып жатыр.

IMG-20240922-WA0047

Бүгінге дейін Байқоныс, Мичурин, Дариян, Переметный ауылдарында 47 референдум учаскесі мүшелерін қамтыған семинарлар оздырылса, қалған 7 учаске мүшелерін оқыту Үлкен Шаған ауылында ұйымдастырылмақ.

IMG-20240922-WA0045

Семинар-кеңесте аудандық аумақтық референдум комиссиясының (ААРК) төрағасы Р.Ихласов бұл саяси іс-шараны заңға сәйкес өткізу талаптары, ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер, референдум комиссиялары жұмысын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, ААРК хатшысы Г.Ғұбашева дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау және тіркеу журналдарын толтыру, мүгедектігі бар азаматтар үшін жағдайлар жасау туралы баяндады.

IMG-20240922-WA0044

Ал ААРК төрағасының орынбасары Б.Нығметов азаматтар тізімімен жұмыстану, референдум туралы хабардар ету, дауыс беру күні учаскелік референдум комиссия мүшелері әрекетінің алгоритмі туралы түсіндіріп, дауыс беру үдерісіне дайындық, азаматтармен және байқаушылармен өзара іс-әрекеттер бойынша нақты тәжірибе жүзінде түсінік берді.

Нұрлан Батыр,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале