9.09.2023, 19:19
Оқылды: 9

Бәйтеректе тәртіп сақшылары оқушылармен кездесті

Жуырда Бәйтерек ауданының полиция бөлімінің КПБ жедел уәкілі, полиция майоры А.Ханалиев пен ЖПҚб ӘЗЗҚЖТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Құсайнова Переметное ЖОББ мектебінің оқушыларымен кездесіп, "Есірткіге жол жоқ" атты арнайы профилактикалық сабақ өткізді. 

police_baiterek_1694235030715

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өмірін сақтау және бақытсыздықты болдырмаудың алдын алу, оқушыларды өмірдегі, тұрмыстағы келеңсіз жағдайларға – нашақорлықпен айналысып, өзін-өзі айықпас дертке душар етудің алдын алу, күресуге шақыру.

police_baiterek_1694235033514

Кездесуде мамандар сабаққа қатысты буклет таратты. Полиция қызметкері, есірткінің зияны, нашақорлыққа шалдығудың салдары және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқықбұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілік түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстауға кеңес берді. Іс-шараға 8-11 сыныптан 50-ге тарта оқушы қатысты.

Н.Қуат,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале