14.12.2020, 9:54
Оқылды: 5

Бәйтеректе Тәуелсіздік күніне арналған жарыс өтті

         Ел тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Бәйтерек ауданына қарасты Рубежин ауылының әкімдігі мен жергілікті жастар волейбол жарысын ұйымдастырды.

54e2b074-aed8-42a8-b0fd-190b4989b1cd

- Бұқаралық спортты дамыту – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Біз де тапсырманы іске асыру және ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында осындай жарысты ұйымдастырдық. Бабы мен бағы келіскен команда жеңіске жетсін! - деді жарыстың ашылуында сөз алған ауыл әкімі Асылбек Кенжин.

Тартысты өткен әуе доп жарысында шебер ойын көрсеткен волейболшылар жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Әр ұпай үшін жан таласа күрескен спортшылар ойынның барлық әдемі қырын көрсете алды.

Қорытындысында ІІІ орынға ауыл әкімдігінің командасы, ІІ орынға колледж ұстаздарының командасы жайғасса, мектеп мұғалімдерінен жиналған команда жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ үздік ойын өрнегін көрсете білген Мейрамбек Амангельдиев «Ең үздік либеро», Лариса Савичева «Ең үздік ойынға бастаушы», Милана Құмарғали «Ең үздік тосқауыл қоюшы» аталымына ие болса, жарыстың «Үздік ойыншысына» берілер марапатты Наталья Бигельдиева қанжығалады.

Сайыс соңында жеңімпаз-жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале