2.09.2021, 15:46
Оқылды: 38

Бәйтеректе тоғыз ауыл көгілдір отынға қосылады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында есеп берген аудан әкімі Марат Тоқжанов айтты.

 сссс

Қазіргі таңда аудандағы газ құбырының желісі 1547,7 шақырымды құрайтынын жеткізген Марат Лұқпанұлы көгілдір отынға қосылған ауылдар саны 50-ді құрап отырғанын тілге тиек етті. Сөзінше, қазір бәйтеректіктердің  97,4 пайызы көгілдір отын пайдаланады екен. Яғни 58933 адам газ тұтынады деген сөз.

- Ауданда газдандырылмаған 18 елді мекен бар. Онда 1583 адам тұрады. Бұл аудан халқының 2,6 пайызын құрайды. Биыл тоғыз ауылға газ өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Ақбидай, Кирсанов, Мирный, Кіші шаған ауылдарында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған болса, Алмалы, Поливное ауылдарын газдандыру бойынша, конкурс өтуде, - деді Марат Тоқжанов өз сөзінде.

Эфирде бұдан бөлек мәдениет, білім, жастар саясаты сияқты  мәселелер көтеріді. Ауданда бұл бағыттардағы жұмыстар да бір іздендірілген.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале