Ертең еліміз Абай күнін тойлайды. Ұлы ақынның туған күні қарсаңында Бәйтерек ауданы Достық ауылының кітапханасы «Қазақтың ұлы ақыны - Абай» атты әдеби-сазды кешті онлайн өткізді.
Ойшылымыздың өмірі мен шығармашығылын, ұрпаққа қалдырған өшпес мұрасын насихаттап, тұғындарды Абай әлеміне терең бойлауға шақыру мақсатында өткізілген кеш көпшілікке ұнады.
Ауыл кітапханашысы Зая Кенжеғалиева ұйымдастырған сазды кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары Айжан Ажғалиева, Берікболсын Бөкеев және Бекзат Наурызғалиев қатысты.
Шара барысында ұлы ақынымыздың қара сөздері оқылып, әндері орындалды. Әдеби-сазды кешті Faсebook әлеуметтік желісі арқылы тамашалаған ауыл тұрғындары жылы пікірлерін білдіруде.
-Абай ақынның мұрасы мәңгі. Оның нақылы мен өлеңдері ұрпаққа мұра. Кітапханамыз бұл бағыттағы жұмыстарын әлі де жалғастырады. Тек Абай ғана емес, басқа да ақын-жазушыларымызды ұлықтауға бағытталған шаралар жоспарды тұр,- дейді ауыл кітапханашысы Зоя Кенжеғалиева.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz