23.12.2022, 22:02
Оқылды: 14

Бәйтеректе үш жылдық бюджет таныстырылды

Бәйтеректіктерді сапалы ауыз сумен қамту және ауылдарға жол салу бағытындағы жұмыстар алдағы жылдарда да жалғасын табады.

6802B48F-39D2-4C9C-92A2-0C284AE713FC

Бұл туралы аудан мәслихатының 24-ші сессиясында баяндалды. Жалпы сессия барысында 36 мәселе қаралды. Оның 23-і аудандық, ауылдық округтердің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы, алтауы «Бәйтерек ауданының құрметті азаматы» атағын беру жөнінде болды.

Сессия барысында негізгі баяндамаларды аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Тоқсамбаев жасады. Оның сөзіне қарағанда, алдағы үш жылға арналған аудандық бюджеттің кірісі салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер есебінен айқындалған. Яғни 2023 жылы 4,7 млрд (оның ішінде салықтық түсімдер 4,6 млрд), 2024 жылы 5,1 млрд, 2025 жылы 5,4 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. Одан бөлек республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер бар. Соның бәрін қосқанда, 2023 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері 11,6 млрд теңге көлемінде анықталып отыр. Ал шығыс бөлігіне тоқталсақ, 2023 жылы 11, 6 млрд, 2024 жылы 4,8 млрд және 2025 жылы 5,2 млрд теңгені құрамақшы.

1C1C02DD-8229-440D-BB4B-DC496A73B907

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бюджеттің ағымдағы шығындарының көлемі 1,5 млрд теңге сомасында жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 1,3 млрд теңге сомасында нысаналы трансферттер қарастырылған. Бұл қаржылар ауданымыздың бес ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға жұмсалмақшы. Ал облыстық бюджет қаражатынан қарастырылған 126,5 млн теңге сомасындағы нысаналы трансферттер есебінен Махамбет, Өркен ауылдарына су құбыры тартылады. Енді жолға келсек, оған облыстық бюджет қаражатынан бөлінетін 5 млрд теңгеден астам сомада нысаналы трансферттер қаралған. Оған ауданымыздың он үш ауылының кейбіріне апаратын, келесілерінің кіре беріс жолдары күрделі жөндеуден өтпекші, - деді Ерлан Өмірзақұлы.

21E3F734-D01C-46AB-A6B6-CE35AAEE7E23

Сессия барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлыбек Хайруллин атқарған жұмысы туралы депутаттарға есеп берді. Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған  жұмыс   жоспары туралы мәслихат аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев айтып өтті. Мәслихаттың бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы аталмыш комиссия төрағасы Есен Сундетов баяндады.

Аудандық мәслихат депутаты болған Ұлданай Сейітқалиеваның мемлекеттік қызметке ауысуына орай өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Соған орай оған атқарған қызметі үшін алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.

Жиында сондай-ақ бір топ азаматқа «Бәйтерек ауданының құрметті азаматы» атағын беру  туралы ұсыныс та депутаттар тарапынан қолдау тапты.

AC1DD195-A583-40BB-A0B3-C1B2A583095D

– Ауданымыз жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылайын деп отыр. Депутаттарымыз, мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, тұрғындарымыздың бір-бірімізді түсініп, ынтымақтаса, бір бағытта атқарған жұмыстың нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отырмыз. Сол үшін де сіздерге, сіздер арқылы ел-жұртқа алғысымды білдіремін. Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын, - деді сессия соңында сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Серік Маратұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале