Бәйтерек аудандық білім бөлімінде сала қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
Жиын басында аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин марапат алушыларды жеке-жеке таныстырып, іс-шараның мақсаты туралы айтып берді.
Одан соң аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев Переметный ауылындағы "Еркемай" балабақшасының меңгерушісі Татьяна Савченконы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапаттап, басқа да ұстаздарға Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.
Аудакн басшысының орынбасары Е.Бисақаев өз сөзінде ұстаздарды марапаттау үлкен құрмет екенін атап өтті.
- Бәріміз бір кездері мектепте оқыдық, ал мұғалімдер біз үшін үлкен беделге ие адамдар болды. Сондықтан ұстаз еңбегін бағалап, мұғалімге марапат ұсыну – үлкен мәртебе, - деді Ерікқали Ғұмарұлы.
Сондай-ақ ел болашағы жастарды тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі үлкен екенін де атап өткен аудан әкімінің орынбасары мұғалімдерге шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі.
Николай Берендяев,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz