7.01.2025, 18:00
Оқылды: 24

Бәйтеректе жайылым мәселесі қалай шешіледі?

Бәйтерек ауданына іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының төрағасы Асхат Рахымжанов Рубежин ауылында болып, тұрғындармен кездесті.

IMG_7959

Жиын барысында ауылдағы жайылымдық жер жайы әңгіме өзегіне айналды.
​Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев мәжілісмен көпшілікті толғандыратын мәселені тұрғындардың өз ауызынан есту, одан кейін оны Парламент қабырғасында талқылап, нәтижесінде ел-жұртқа қолайлы жағдай туғызуға ықпал ету үшін келгенін жеткізді.

IMG_7996
​Өз кезегінде сөз алған Асхат Нұрмағамбетұлы айтып өткендей, бүгінгі таңда Парламент депутаттары өңірлерге барып, сайлаушылармен кездесіп, облыстардағы өзекті, ағымдағы мәселелерді талқылауда.
- Осы жиынға келе жатып естігенімдей, Ружебинде жайлымдық жердің жетіспеушілігіне байланысты мәселе бар екен. Өздеріңіз білесіздер, былтыр «Жайылымдар туралы» заңға өзгерістері енгізілген еді. Мен Мәжілістегі жұмыс тобының мүшесі болдым. Сол себепті осыған қатысты ауылдағы ахаулы нақты білейін деп келген жайым бар. Біз көтерілген мәселенің бәрін жазып аламыз. Ертең Астанаға барғаннан кейін оларды Үкіметке сауал ретінде жолдаймыз. Үкіметтен келген жауаптың негізінде әрі қарай жұмыстанатын боламыз,-деді мәжілісмен.

IMG_7997
Тұрғындар тарапынан көтерілген жайлымдық жердің жетіспеушілігіне қатысты сауалға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Александр Полежаев жауап берді. «Алдарыңыздағы слайдтан көріп отырғаныңыздай, Рубежин ауылдық округында 2 мың гектар қоғамдық жайылымдық жер бар. Бұл жерлер ешкімге берілген емес, кез-келген ауыл тұрғыны сол жерге малын баға алады. Ол жайлымды басқару бойынша жоспарға енгізілді. «Рубежиндіктерде 418 бас ірі қара бар. Бұл жерде шаруа қожалықтарындағы мал саны қосылып отырған жоқ,-деді Александр Сергеевич.- 418 бас мал қоғамдық жайылымдық жерге қатысты нормативке толықтай сәйкес келеді. Жалпы Бәйтерек ауданы бойынша жайлымдық жер жетіспейді. Нақтылап айтқанда, аудандағы 22 ауылдық округінің тек екеуінде жайылымдық жер жеткілікті. Сол екеудің бірі – осы Рубежин».

IMG_8007
Кейбір ауыл тұрғындары қоғамдық жайлымдық жердің сапасы төмендеу екеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл мәселе назарға алынатын жеткізген аудан әкімінің орынбасары Лауаз Уәлиев облыстағы егістік алқаптың 65 пайыздайы Бәйтерек ауданында орналасқанын айтты. «Сол себепті басқа ауылдық округтардағыдай мұнда да жер аумағының негізгі бөлігін шабындық жер құрап отыр,-деді Лауаз Жеңісұлы.- Заң талабы бойынша біз жоғары санаттағы жерді төменгі санатқа ауыстыра алмаймыз».
Жиын барысында Құрманғазы, Январцев, Дариян ауылдық округтерінен келген тұрғындар да жайлымдық жерге, тұрмыстық қалдықтар полигонына қатысты, елді мекендерге жол салу, интернет тарту секілді мәселелерді көтерді.

IMG_8005
- Мемлекет басшысы бос жатқан жерлерді қайтару туралы мәселені көтеріп келе жатыр. Латифунистер жерді өздері де пайдаланбайды, өзгелерге де мүмкіндік бермей отыр. Мұндағы жайлымға қатысты көтерілген мәселелерді естідім. Оларды бірден шешу қиын. Себебі кейбір жайттар орталық атқарушы құрылымдарға қатысты. Бұл бағытта елордаға барған соң жұмыстанатын боламын. Бұйыртса, жол түсіп жатса, жазда тағы да келуді жоспарлап отырмын,-деді мәжілісмен.
Кездесуді қорытындылаған Ерлан Ғалиев уақыт тауып Рубежинге келген Мәжіліс депутатына ауыл тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале